Меню KDT

Новости

Береке негізгі мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы 1 сынып ата-аналарымен өткізілген жиналыс.

Береке негізгі мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы 1 сынып ата-аналарымен өткізілген жиналыс.
 Тақырыбы: Жаңартылған білім  мазмұны аясындағы жиынтық бағалау үдерісі.
    1 тапсырма: ата-аналарға баласының туылған күніне арнайы торт салғызу. Орындалуына 1 минут уақыт беру. Жұмыстарын орындап болған соң бағалау жүргіздім. Әр ата-ана әртүрлі балл алды. Осыдан ата-аналарда сұрақ туындады (Неге максималды балл алмадық?)
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың өтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Қалыптастырушы бағалау- оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін,білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамассыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.  Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың өздеріне деген сенімі, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын     меңгеру деңгейін тіркеу,анықтау үшін жүргізіледі.тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнынасәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңындағы (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта)жүргізіледі.                                                                                                                       Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың  рәсімдер  мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға жататын оқу мақсаттарының саны (3-кесте) пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, математика бойынша 1-сыныптың ұзақ мерзімді жоспарында 1-тоқсанда  3  бөлім  берілген:  «Сандар  мен  цифрлар»,  «Геометриялық фигуралар», «Шама және өлшем бірліктері». Оқу мақсаттарының саны әр бөлімде әр түрлі: бірінші бөлімде – 12, екінші бөлімде – 4, үшінші бөлімде – 4. Сәйкесінше математикадан бөлім бойынша жиынтық бағалау 1-тоқсанда әр бөлімді меңгеруді аяқтаған кезде үш рет өткізіледі.
Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  тапсырмаларын құрастыру  кезінде  мұғалім  жиынтық  бағалауға  қатысты  әдістемелік ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа, мұғалімге келесі  алгоритмдерге  сәйкес  өз  бетінше  бағалау  құралдарын  құрастыру ұсынылады (6-сурет):
оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын
меңгеру;
жиынтық бағалауда  тексерілетін  оқу  мақсаттарына  сәйкес  бағалау
критерийлерін  анықтау,  ойлау  дағдыларының  деңгейлерімен
сәйкестендіру;
ойлау дағдыларының  деңгейлеріне  сәйкес  келетін  тексерілетін критерийлердің  оқу  мақсаттарының  мазмұнын  қамтитын  бір  немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;
әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;
білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін
ұсыну  үшін  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалауға
рубрикалар құрастыру (бағалау критерийлерінің деңгейлерге сәйкестігін
сипаттау).
      Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  кезінде  тоқсан  басында  білім
алушылар мен олардың ата-аналарын хабардар ететін тоқсандық жиынтық
бағалаудың кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп құрылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау бір параллельде бірдей жағдайда өткізіледі.
Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  қайта  орындауға  (көшіруге)  рұқсат
етілмейді. 
      Тоқсандық жиынтық бағалау уақытында белгілі себептерге байланысты
(ауруына,  жақын  туыстарының  қазасына,  конференция,  олимпиада,
ғылыми,  спорттық  жарыстарға  және  т.б.  қатысуына  байланысты)  білім
алушылар келмеген жағдайда оларға мектепке келген соң екі апта ішінде
тапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары
қолданылады. 
     Тоқсандық жиынтық бағалау материалдарын білім алушылар жұмысты
орындағанға  дейін  қол  жетпейтін  орында  сақтау  қажет.    Қауіпсіздікті
қамтамасыз  ету  мақсатында  тапсырмаларды  белгілі  бір  орында,  белгілі
қызметкерге  ғана  (мысалы,  директордың  орынбасары)  мүмкіндік  беріп
сақтау ұсынылады. 
      Тоқсандық  жиынтық  бағалауды    әдетте  мұғалімдер  өткізетін
болғандықтан, білім алушылар жиынтық бағалауды орындайтын кабинетте
тек  бір  мұғалім  ғана  болады.  Мүмкіндігінше  кез  келген  бос  мұғалімнің
тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуді ұйымдастыруға, өткізуге мысалы,
бақылаушы ретінде көмектесуі ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды
өткізу  кезінде  мұғалімнің  жиынтық  бағалаудың  өткізілуін  үздіксіз
қадағалауы  маңызды  және  басқа  әрекеттер  жасамағаны  дұрыс  (мысалы,
дәптер тексеру, компьютермен жұмыс жасау).
    Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер алдын
ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс, күнделікті сабақ өтіп
жүрген  кабинеттері  болуы  ұсынылады.  Кабинеттерді  дайындау  кезінде
келесілерді ескеру қажет:
білім алушылардың шуламай, жұмысты өз бетінше орындауына қолайлы
болатындай етіп отырғызуды ойластыру;
білім алушыларды  басқа  білім  алушылардың  жұмыстарын  көре
алмайтындай, тақта жаққа қарайтындай етіп отырғызу;
білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайда парталардың
арасы  мұғалім  мен  бақылаушының  еркін  жүріп  тұруына  мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс;
 
 
Тоқсан  соңында  бағалаудың  барлық  нәтижелері  1-ден  5-ке  дейінгі
бірыңғай балды бағаға ауыстыру шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың
ашықтығын,  салыстырымдылығын,  білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың
бірдей түсінігін қамтамасыз етеді (8-кесте).

Балдың пайыздық  мазмұны

Баға көрсеткіші

Баға

0

Бағаланбады  

«1»

1%-20%                       

 

Қанағаттанғысыз

«2»

21%-50%                    

 

Қанағаттанарлық

«3»

51%-80%           

 

Жақсы                           

«4»

81%-100%         

Өте жақсы                     

«5»

 
 Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың  әр  рәсімінің
қорытындысы  негізінде  білім  алушылар  оқу  жетістігі  деңгейіне  сәйкес
максималды  жинақталған  балл  саны  түріндегі  қорытынды  нәтижеге  қол
жеткізеді. Өз кезегінде оқу жетістігінің деңгейі болашақ тоқсандық бағаны
болжаудың көрсеткіші қызметін атқаруы да мүмкін (9-кесте).

Оқу жетістігі деңгейлері

Балдың пайыздық

мазмұны

Болжам баға

Жоғары

81%-100%

«5» деген бағаға сәйкес

Орта

21%-80%

«3 – 4» деген бағаларға сәйкес

 

Төмен

0-20%

«1 – 2» деген бағаларға сәйкес

 
Төменде  «Математика»  пәні  бойынша  1-сынып  білім  алушыларының
3-тоқсандағы бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері мысал түрінде
берілген.

Бөлім бойынша

жиынтық бағалау

(ЖБ)

 

Білім 

алушылардың

балы

 

Максималды

балл

 

Оқу жетістігі

деңгейі

 

Болжам

баға

 

1

1-бөлім бойынша

ЖБ 

8

12

Орта (66%)

3-4

 

2

2-бөлім бойынша

ЖБ

5

10

Орта (50%)

3-4

3

3-бөлім бойынша

ЖБ

10

12

Жоғары (83%)

5

 
   1-сыныпта 1-жартыжылдықта жиынтық бағалау өткізілмейді. Тоқсандық
бағалар тек 3 және 4-тоқсандарда қойылады.
Тоқсандық  бағалар  бөлім/ортақ  тақырыптар,  тоқсандық  жиынтық
бағалау қорытындысы есебінен жинақталады.
2-4-сыныптарда  тоқсандық  бағалар  бөлім/ортақ  тақырыптар  және
тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы арқылы жинақталады.
Тоқсандық  бағаны  қою  үшін  бөлім/ортақ  тақырыптар,  тоқсандық
жиынтық  бағалау  қорытындысының  белгілі  пайыздық  арақатынасы
пайдаланылады:  
–  тоқсандық  бағаның  50%  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық
бағалау қорытындысы арқылы қалыптасады;
–  тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы.
    


Просмотров: 1376

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Береке ауылы Береке негізгі мектебінің директоры Жахина Бижамал Балтабаевна

Опрос

Статистика

  • Осы айда5
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки