Меню KDT

Новости

Жаңа жыл мерекесі

Жаңа жыл мерекесі
 
Жігіт:  Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!
Қыз: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!
Жігіт: Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
Қыз: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
Жігіт: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Тауық  жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры ...    ортаға шақырамыз! (5 минут)
Қыз: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,
Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.
Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,
Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек. .... орындауындағы ... (Жаңа жыл тақырыбында) әні. Қарсы алыңыздар!
Ән орындалады (4 минут)
Жігіт: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Қарсы алайық Тауық жылын
Ұзатып сап Мешін жылын!
Мешін жылы шығып, сөзін айтады.
Мешін  жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.
Тауық  жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Жаңа жылмын !
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.
Тауық жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.
Мешін  жылы ойын өткізеді. Олай болса балалар мені еске алып отыру үшін бір ойын ойнайық. 2 стаканмен су қойылады, балалар соны қасықпен  екінші стаканға толтыру қажет.
Мешін жылымен қоштасу ал балалар келесі кездескенше. Қош сау болындар.
1 – жүргізуш:
 Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын! Ән
2 – жүргізуші Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,

1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).
2 – жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!
Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Жігіт: Қош келдіңіз Аяз Ата,
Қарсы аламыз орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.
 
Қыз: Ортамыз нұрға толып, 
Төрт құбыламыз түгел болды.
Аяз ата, Ақша қар балалармен шыршамызды айналаып ән айтайық. (хоровод)
Жігіт: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған ерекше нөмірлі мерекелік кештегі қойылымдарына берейік.
Қыз: Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады. Ортаға 5 сыныптың жас таланттарын шақырамыз!
5сынып,6 сынып, 7сынып,8-9 сынып
 
 
Аяз ата: Олай болса оқушыларымыздың өнерлерін тамашалайық.
Жігіт:Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, - деп келесі кезекті әнге береміз
Қыз:Сыр қалмасын көңілде ақтарылмай,
Бақытын өз елінде тапқан ұдай.
Тай құлындай жарысып бірге өскен,
Балауса балалықтың шақтарындай, - демекші
Жігіт: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.
Қыз: Ал енді ойынды бастайық. Сұрақтар қойылады.
Ойын шарттары: 1. Маймылды келтір.
2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек.
3.5 санының көбейту кестесін айтыңыз.
4. Қоянның қимылын келтіріңіз.
5.
Жігіт: Ендеше келесі ойынымыз "Бірнеше сағыз шайнап Жаңа жылға тілек айту" деп аталады. 
 
Ақшақар: Балалар барлығыңыз да өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік. (Орындарына отырады)
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, 
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Жігіт: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
Қыз: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп.
Жігіт: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын! 
Қыз: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 
Жігіт: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!
 
 
 
 
 
 
 
 


Просмотров: 635

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Береке ауылы Береке негізгі мектебінің директоры Жахина Бижамал Балтабаевна

Опрос

Статистика

  • Осы айда5
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки