Меню KDT

Новости

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерттің өткізілу

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерттің өткізілу
                         1 Гимн
 1 Жүр: Десек те жасаған әр жыл қандай бақ,
            Жастықтың гүлін уақыт жұлған аяп?
            Әрине тарих үшін 25 жыл түгіл,
            Жүз жыл да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ.

            Өзгертіп өндірдей ғып өңін елдің,
            Қырандай шырқап шықтың өріне өрдің,
            Жүр ақтап майдангерлер, жаңа ұрпақтар
            Өсиетін, армандарын өлілердің.


Армысыздар ағайын! Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті  ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды!  Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан бүгінгі салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймын
Құттықтау сөзі мектеп басшысы Жахина Бижамал Балтабайқызына беріледі.
1 Жүр:Тағдырыңдытамырсыздық індетінен қалқалар,
әр адамда өз анасынан басқада,
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт АНА.
2Рахман Назгүл өлең жолы
3Даярлық топ
 Жүр:Туған жері-түп қазығы, айбыны,
:  Туған тілі- сатылмайтын байлығы,
: Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,
:  Қадамына шуақ шашар үнемі.
 Би :         Қаражорға.                                
1 Жүр: Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,
         Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?
         Ұран жазып ,қып-қызыл ту көтеріп,
         Жастар шықты алаңға «Елімайлап».
         Алаңға шығып , ойын айтты жастарым,
         Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
         Содан барып, тоңы еріді кеңестің,
          Содан кейін еркіндікті бастадым.
Көрініс:Кок тудын желбірегені
 Жүр: Құрметті халайық қандай той шашусыз болады.
Той шашуын қабыл алыңыздар!  
Ән: Калдырган
1 Жүр: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар ! Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ  әр жылдың өз шежіресі,сыры, тарихы, қасиеті бар. Олай болса, біз кеш барысында сіздерді  «Тәуелсіздік шежіресімен» таныстыра отырғанды да жөн көрдік.
1991 жыл 1 желтоқсан – Н.Ә Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
 Ата-бабам тұлпар мініп ,ойқастап,
            Әрбір сөзі кесек-кесек ой тастап.
            Тәуелсіз ел Президенті сайланды;
            Қазағымның НҰРСҰЛТАНЫ ел бастап.
Би: 6-сынып Казакстан
1 Жүр: Киелі байрақта аруақ , бақ:
          Иеді басын ел ардақтап.
Көк туды қастерлеп, сүйіпте,
Көтеріп ұстаймыз биікте.
Алтын күннің түсіп бізге шуағы,
          Ақтарылған жырдың қайнар бұлағы.
          Ұлтымыздың бір белгісі – теңгеміз.
 Асылдарым қарап одан тұрады.
Жүр:Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық ,
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
3-сынып
Корініс:Әжесі мен немересі
1 Жүр:            Дүниеде болмасын деп зар қасірет,
            Келеміз замананы алға сүйреп.
            Бүгін де тұр біздерге
            Жер бетінде
            Азаттық,
            Бейбітшілік арқа сүйеп.        
Ән: Бадық  Айсана-Казак ели
 Жүр: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін .
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін ,
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін .
Қуан балам ,қуанатын күн бүгін.
Казак биі-6 сынып
 Жүр Тірлігімен адам байлық жасады,
Бірлігімен асулардан асады,
Адал жандар, жер-ананы қорғаңдар,
Абайлаңдар, бейбітшілік жасағы.
Ән: Астана
 Жүр Атыңнан айналайын  қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтасын  сақтығыңды сағың сынбай,
Көрсеңде көресіңді азаппенен.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
«Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз.
Хор :Кок тудын желбірегені
Қымбатты ағайындар осымен мерекелік концертіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға  көп рахмет!
 
 


Просмотров: 269

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Директор Берекинской основной школы, Уалихановского района, села Береке

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц4
  • За неделю0
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки